В работе форума принимают участие 77 делегаций из 35 стран мира, которые представляют все мировые и традиционные религии и конфессии мира.
Перед участниками Съезда выступил Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев.
Құрметті съезге қатысушылар!
Мәртебелі меймандар!
Құшағы кең, қонақжай қазақ жеріне келген қадамдарыңыз құтты болсын!
Астанада үшінші рет өткізіліп отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне шақыруымызды қабыл алып, бүгінгі алқалы жиынға қатысып отырғансіздердіңбаршаларыңызға қазақстандықтар атынан шынайы ризашылығымды білдіремін.
Адамзатқа ортақ құндылықтарды жинақтап, ортаға салып ой бөлісіп, өркениеттер үндестігін нығайтсақ деген ізгі мақсат, асыл мұраттар сіздерді Астана қаласына топтастырып отыр.
Астана төрінде осы күндері сіздер тарапынан айтылатын салиқалы сөз, салмақты ұсыныстар дүниенің түкпір-түкпіріне тарап, Жер шарында бейбітшілік пен өзара бәтуаластықтың орнығуына септігін тигізеді деген үміттемін.
Азия мен Еуропаның, Батыс пен Шығыстың бел ортасында бой көтерген Астана қаласы бүгінгі таңда алуан түрлі ұлттар мен діндердің де тоғысып, жарасым тапқан орталығына айнала бастады.
Біз Қазақстан халқының діни және этносаралық татулықты ту еткен асыл қасиеттерін әрдайым мақтан тұтамыз. Бұл жетістігімізді әлем жұртшылығына үлгі етуге ұмтыламыз.
Біз жаңа мыңжылдықта да толастамай отырған әлемнің әр бұрышындағы діни текетірестер мен ұлттық қақтығыстардың алдын алуға ықпал етіп келеміз.
Астанадағы бүгінгі басқосу да біздің осындай табанды ұстанымымыздың бір көрінісі.
« Апрель 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |