• : :
  • +7 (7242) 40 - 11 - 10
  • kizvesti@mail.ru
°C
Ветер: м/с
Влажность: %
Давление: мм

НЕТ АЛЬТЕРНАТИВЫ ИНДУСТРИАЛИЗАЦИИ СТРАНЫ

Президент Нурсултан Назарбаев открыл третью сессию Парламента Республики Казахстан четвертого созыва и выступил перед депутатами Сената и Мажилиса.

 

Құрметті Парламент депутаттары!

Ханымдар мен мырзалар!

Төртінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясын ашық деп жариялаймын.

Құрметті Парламент депутаттары!

Сіздерді Парламенттің кезекті сессиясының ашылуымен құттықтаймын.

Біз 30 тамызда мемлекеттік мерекеміз – Конституция күнін айрықша атап өттік. Еліміздің Парламенті тәуелсіздігіміздің бұлжымас бағдарына, Қазақстан қоғамының басты құндылығына айналған Ата Заңымыздың аясында көптеген заңдар қабылдап келеді.

Сол арқылы Жоғары заң шығарушы орган ретінде мемлекеттігімізді нығайту ісінде іргелі қадамдар жасауда.

Еліміздің Парламенті дүниежүзінің барлық мемлекеттеріне әсер еткен әлемдік қаржы дағдарысының салдарын еңсеруге еселі үлес қосты.

Экономиканы тұрақтандырудың маңыздылығын ескере отырып, Парламент дағдарыстың алдын алу шараларына қатысты заң жобаларын жедел қарап, қабылдады.

Тұтастай алғанда, төртінші шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясында 140-тан астам заң жобасы қаралып, талқыланып, соның ішінде 90-нан астам Заң қабылданды.

Бұл заңдардың басым көпшілігі ел азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға және әлеуметтік деңгейді көтеруге бағытталған.

Олардың арасында Салық және Бюджет кодекстері мен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс сияқты маңызды заңдарды ерекше атап өткім келеді.

Сессия барысында республикалық бюджеттің үшжылдық жоспары тұңғыш рет арнайы заң арқылы бекітілді.

Парламент Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын ратификациялап, Экологиялық кодекс пен «Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды қабылдады.

Бұл құжаттар бізге қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздерін қалыптастыруға және экология мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, демократиялық үрдістерді жеделдету, саяси жүйені одан әрі дамыту және саяси партиялардың қоғам өміріндегі ролін арттыру бағытында да бірқатар заңдар қаралып, «Саяси партиялар туралы» және Қазақстан Республикасында «Сайлау туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Өткен сессияда «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» және «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңдар қабылданды.

«Нұр Отан» партиясының Парламенттегі фракциясы пәрменді жұмыс жасап, ел өміріне елеулі өзгерістер әкелген заңдарды қабылдауға үлкен үлес қосты. Партия Үкіметпен бірлесе отырып, дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуын қадағалады.

Тұтастай алғанда, Парламенттің екінші сессиясының жұмысы жемісті болды деп есептеймін.

Сіздерге өз ризашылығымды білдіремін.

 

Уважаемые депутаты!

Качественная работа Парламента во время второй сессии создала законодательную базу для оперативного решения социально-экономических проблем, преодоления негативных последствий глобального финансового кризиса.

За прошедший период на стабилизационные меры государство направило19 миллиардов долларов,что соответствуетчетырнадцати процентам ВВПстраны. Уже сегодня мы ощущаем положительные результаты принятых мер.

Во-первых,удалось укрепитьсоциальную сферу.Мы сохранили все социальные обязательства государства перед нашим населением.

Большую роль в этом сыграла реализацияСтратегии региональной занятости населенияна которую выделен191 миллиард тенге.
Полную версию выступления - читать здесь:http://www.kv.ucoz.kz/rk.rtf
2 сентября 2009 02 сентябрь 2009 г. 304 0