ПОЗДРАВЛЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РК Н.А.НАЗАРБАЕВА ЗЕМЛЕДЕЛЬЦАМ КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Қазақстан Республикасының Президенті Президент Республики Казахстан
АСТАНА, АҚОРДА 21/10/2016
Қызылорда облысының әкімі
Қ.Көшербаевқа
Құрметті Сыр бойы диқандары!
Сіздерді Тәуелсіз Қазақстанның күріш өсіру тарихындағы ең жоғарғы рекордтық көрсеткішке қол жеткізген табыстарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Алашқа ана атанған өңірді түлеткен Сіздердің жетістіктеріңіз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына толымды тарту болып, ел байлығын еселей түсті.
Биыл қамбаға 440 мың тоннадан астам Сыр маржанын құйған облыс еңбеккерлері алда да ерен табысымен ел экономикасын бекемдей береріне сенімдімін.
Мәңгілік еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болсын!