МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫН ЖЕДЕЛХАТЫ
Жуырда өткен Сенат сайлауында аймақ депутаттары дауысының басым бөлігін үміткер Бекмырза Еламанов иеленген болатын. Осыған орай кеше Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтан жаңадан сайланған сенаторға құттықтау жеделхаты келді. Онда былай делінген:
Құрметті Бекмырза Қайыпұлы! Сізді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайлануыңызбен құттықтаймын. Сіздің еліміздің заңнамалық базасын нығайтуға лайықты үлес қосатыныңызға және халық қалаулысы жоғары атағын ақтайтындығыңызға сенім білдіремін. Халқымыз бен мемлекетіміздің өсіп-өркендеу жолында сізге табыстар мен жемісті жұмыс тілеймін.